Ғылымды дамытуда өндірістік кәсіпорындармен диалог орнатудың маңызы зор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғылымды дамытуда өндірістік кәсіпорындармен диалог орнатудың маңызы зор

05.07.2023

Ғылымды дамытуда өндірістік кәсіпорындармен, бизнеспен арада диалог орнатудың маңызы зор. Жоғары оқу орындары мен ғалымдардың өнертабысы, көп жылдық тиімді ізденістері назардан тыс қалмай іске асуы керек. Ал ғылым білім саласын осындай деңгейге көтеру үшін жоғары оқу орындарындағы кадр дайындауға мықтап күш салу керек. Бүгін Теміртау қаласындағы жоғары оқу орнында министр Саясат Нұрбектің қатысуымен өткен жиында осы тақырыпта ауқымды пікірлер ортаға салынды.

Жиын соңында үздік түлектер, республикалық олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздары марапатталды.



Хабарламаларға жазылу