Елбасы халықаралық «Астана» қаржы орталығына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы халықаралық «Астана» қаржы орталығына барды

17.06.2021

Елбасы Нұр-сұлтан Назарбаев Халықаралық «Астана» қаржы орталығына барды. Тұңғыш Президент орталықтың қызметімен қатар, оның ішінде елімізге шетелдік капиталды тарту, адами әлеуетті және креативті экономиканы дамыту жөніндегі жұмыстармен танысты. Орталық басшысы Қайрат Келімбетов Елбасына 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру нәтижелері мен оны жүзеге асырудың алдағы жоспарлары туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан 2050» стратегиясын орындауда және ұлттық экономиканы дамытуда қаржы орталығының маңызы зор екенін атап өтті.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу