Елімізде синтетикалық заттарды жасырын өндіру жиілеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде синтетикалық заттарды жасырын өндіру жиілеген

05.07.2023

Қазақстанда 2025 жылға қарай, есірткіге тәуелді кәмелетке толмағандар санын азайтып, есірткі тұтынушыларды 26 пайыздан 30 пайызға дейін медициналық-әлеуметтік оңалтумен қамту жоспарланып отыр. Үкімет Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарды бекітті.

Ел ішінде синтетикалық заттарды жасырын өндіру жиілеп барады. Ауғанстаннан «Солтүстік бағыт» деп аталатын транзит арқылы апиын тасымалдау, каннабис тобының есірткі заттарының айналымы, сондай-ақ «дәріхана» нашақорлығы өзекті проблема болып отыр. Құжат аясында емдеу-сауықтыру орталықтарын жаңғырту және жаңаларын ашу жұмыстары жүргізіледі. Ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды пайдалана отырып, жасырын есірткі зертханалары мен плантацияларды жою шаралары қабылданды. Сонымен қатар, шекара пунктерін дәрілік заттарды анықтауға арналған скринингтік құралдармен қамту көзделген. Кешенді жоспарды жүзеге асыру үшін 53 млрд теңгеден атсам қаржы бөлу қарастырылған.

Хабарламаларға жазылу