Еуропаға жұмысқа барған бір топ қазақстандық алаяқтарға алданып қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропаға жұмысқа барған бір топ қазақстандық алаяқтарға алданып қалған

20.11.2018

Жұмыс істейміз деп Еуропаға барған бір топ қазақстандық азамат алаяқтарға алданып қалған. Қазіргі таңда 20-ға жуық отандасымыз Чехияда жатыр. Алаяқтар оларға Ұлыбританиядан жұмыс тауып береміз деп уәде берген. Ол «қызмет» үшін әрқайсынан кемі 2 мың доллардан алған. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, азаматтар Қазақстандағы жалған компаниялар арқылы туристік визамен Чехияға барған. Қалталарындағы соңғы тиындарын алаяқтарға санап берген отандастарымызға Еуропадағы консулдық қызметкерлері жан-жақты көмек көрсетіп жатыр.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

- Қазақстандық компаниялар туристік виза береді екен. Бірақ, ол визамен жұмыс істеуге құқық жоқ.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу