Қажылыққа жалған жолдама сатқан компания директоры қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қажылыққа жалған жолдама сатқан компания директоры қамауға алынды

31.01.2023

Адамдарды қажылық сапарына апарумен айналысатын «Кәусар Трэвел» компаниясының директоры қамауға алынды. Бұған дейін Алматы мен Шымкент қалаларынан жүздеген адам осы туристік фирмаға алдандық деп шағымданған еді. Қалалық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталғанын хабарлады. Құзырлы органдарға 50 шақты жәбірленушіден арыз түскен. Меккеге баруға ниеттенген 300-ден аса адамның әрқайсысы компанияға 500-600 мың теңге көлемінде қаржы құйған. Алайда уәделі уақыт келгенде алданып қалғанын түсінген. Зардап шегушілерге келген шығын көлемі 33 млн теңгеден асты.

Жасқайрат Әмірғалиев, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Баларымның сыйлығы ретінде бізге Умраға жолдама алып берді. Ай жарым бұрын билетін алып, қолымызға қағазын беріп қойды. Қаңтардың 23-і күні ұшуымыз керек еді. Мен айттым. «Тіпті жібере алмасаң біз саған ренжімейміз, ешқандай өкпеміз болмайды, ақшамызды қайтарып берсең болды. Сізбен қоштасып, жүре береміз» дедік. «Иә, иә» мен әлі күнге дейін келе жатырмыз.

Салтанат Әзірбек, қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі:

Медеу аудандық ПБ мәлімдегендей, М. Есімді азамат ізін суытпай жатып қолға түсті. Негізінен Мәдеу аудандық ПБ-на 26 қаңтар күні арызданған болатын. Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу