Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңірудің берері мол. Сенат төрағасы Ұлытау облысының жастарымен кездесуінде осылай деді. Мәулен Әшімбаев жастар назарын хәкім Абай мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал азамат» тұжырымдамасын тиімді рухани бағдар ретінде маңыздылығына назар аударды. Өңірге сапары аясында Сенат төрағасы Абай атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың ұжымымен кездесті. Тау-кен металлургиялық колледжінде болды. Облыстық мәслихат депутаттарымен және ақсақалдармен кездесті. Жүздесуде Сенат пен мәслихаттардың өзара іс-қимылының жаңа форматы сөз болды. Мәулен Әшімбаев жергілікті органдарды белсенді жұмыс істеуге шақырып, өңірдегі маңызды проблемаларға назар аударды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
Су және жол мәселесі. Ұлытау өңірі бойынша ең өзекті мәселлердің бірі шығар деп түсініп отырмыз. Сол себепті мен өз тарапымнан су мәселесіне қатысты жаңа қаржыларды бөлу үшін келесі жылдың бюджетіне кіргізуге көмектесуге тырысайын. Біздің жиындарымыздың нақты қорытындысы осы болсын.