«Сыр сандықты» ашып қара... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сыр сандықты» ашып қара...

27.11.2015
«Сыр сандықты» ашып қара...
Қазақтың ардақты ақыны Сәкен Сейфуллин туралы деректер жыл өткен сайын архивтерден табылып, көз көргендердің түрлі естеліктері жарық көріп жатыр. Бүгін ақын туралы тағы бір кітаптың тұсауы кесілді. «Сырсандық» деп аталатын кітап Сәкен Сейфуллин туралы әзірленіп жатқан көптомдықтың алғашқы томы болып отыр.


«Сыр сандықты» ашып қара...

3 мың данамен шыққан кітаптың тұсаукесері Астанадағы Сәкен Сейфуллин музейінде өтті. Тұсаукесерге сәкентанумен айналысып жүрген белгілі әдебиеттанушы, өнертанушы ғалымдар, кітапқа мақалалары енген көзі тірі авторлар, сондай-ақ БАҚ саласының өкілдері мен Астана қаласындағы зиялы қауым қатысты. Жиында Сәкен туралы ел білмейтін тың деректерді жариялау жоспарланып отырған да айтылды. Бұл деректер келер жылы жарық көрмек.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу