Астанада «Сәкен оқулары» өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Сәкен оқулары» өтуде

15.10.2014
Астанада «Сәкен оқулары» өтуде

Бүгін Астанадағы Сәкен Сейфуллин музейінде Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдық мерейтойына орай қалалық мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында «Сәкен оқулары» өтуде.

Байқаудың мақсаты - жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру, С.Сейфуллин шығармашылығын насихаттау, мектеп оқушылары арасында көркемсөз оқу шеберлігін дамыту және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.

Байқау «Сыр сандықты ашып қара», «Тар жол, тайғақ кешу» «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы»,  «Сәкеннің аманаты»  атты Сәкеннің өлеңдері, әндері, сондай-ақ, прозалық шығармаларынан үзінді және Сәкен өмірінен сахналық көрініс қою қамтылуда.

Байқау жеңімпаздары үшін бір-бірден бірінші, екінші, үшінші орындар және екі ынталандыру сыйлығы тағайындалған.

Жеңімпаздар бүгін кешке белгілі болады.

Хабарламаларға жазылу