Шетелдік көліктерді заңдастыруға өтініш қабылдау аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік көліктерді заңдастыруға өтініш қабылдау аяқталды

03.07.2023

Шетелдік көліктерді заңдастыруға өтініш қабылдау аяқталды. Науқан басталғалы қазақстандықтар сырттан әкелінген 196 мыңнан астам автокөлікті тіркеп үлгеріпті. Оның 12 мыңына қазақстандық нөмір берілген. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген, бірақ тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған автокөліктерді мемлекеттік тіркеу арқылы есепке алмақ. Яғни, оларға Қазақстан аумағында 5 жылда жүруге рұқсат етіледі. 1 шілдеге дейін құжат тапсырып үлгергендердің өтініші кейін де қарала береді. 

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу