Астанада 239 адам мүлкін заңдастыруға өтініш берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 239 адам мүлкін заңдастыруға өтініш берген

02.10.2014
Астанада 239 адам мүлкін заңдастыруға өтініш берген

1 қыркүйекте елімізде мүлікті заңдастыру үшін құжаттар қабылдау басталды. Астана қаласының үш ауданының жанынан арнайы комиссиялар құрылды, деп хабарлайды astana.kz.

Қазіргі кезде 239 адам мүлкін заңдастыруға өтініш берген.

Жалпы бір айдың ішінде 2 мыңнан астам адам түрлі мәселемен комиссияға жүгінген. Комиссия мүшелерінің айтуынша, тұрғындардың басым бөлігі құжаттарын қосымша құрылысты (жазғы ас үй, гараж, монша, сарай және т.б.) заңдастыруға тапсырған.

 

Хабарламаларға жазылу