Астананың 25 жылдығы: Елордалық ақын-жазушыларға жарты миллион теңгеден сыйақы берілді
Астананың 25 жылдығына орай елорданың адуынды ақын-жазушыларына жарты миллион теңгеден сыйақы берілді. 500 мың теңгенің сертификаттарын иелеріне қала әкімінің орынбасары Есет Байкен табыстады. Ол Астананың тек еліміздің бас қаласы ғана емес, руханият ордасы болып қалыптасуына жазушылардың қосқан үлесі зор екенін атап өтті.
Ширек ғасыр жасаған елорданың туған күніне орай Астанадағы қаламгерлер аллеясында ән мен жырдан шашу шашылды. «Астана – шабыт арқауы» атты мәдени шарада ақын-жазушылар құрметке бөленді. Олар – ерке Есілдің жағасында көркейіп, қанат жайып, жалпы қазақтың сүйікті ордасына айналған Астананы жырына қосып, қалам тербеген жандар.
Ғарифолла Есім, ғалым, философия ғылымдарының докторы:
Жазушысы жоқ елдің, болашағы жоқ. Сондықтан да рухани өмірді қалыптастыруда жазушылардың орны үлкен.
Дәулеткерей Кәпұлы, ақын, «Қазақстан жазушылар одағы» ҚБ Астана қалалық филиалының директоры:
Қала әкімдігінің мәдениет басқармасымен 80-ге жуық қаламгерге сыйақы беріліп жатыр. Тек руханият көшінің басында емес, қазақ көшінің басында біздің қаламгерлеріміз тұр деп ойлау керек.
Елордада руханияттың қазынасы қаламгерлердің аға буыны қалыптасқан. Бүгінде Астанада Қазақстан Жазушылар одағының 160-тан астам мүшесі тұрады.
Есет Байкен, Астана қаласы әкімінің орынбасары:
Бүгінде елордамыз еліміздің экономикасының драйверіне, дүйім жұртшылықтың мақтанышына айналған керемет осындай шаһарға айналды. Қаламызда экномикалық ресми орталық ғана емес, мәдени және рухани жағынан да үлкен табыстарға жетіп отырмыз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен ұлттық құрылтайда ұлт тәрбиесі үшін мәдени мұрамыздың жан-жақты дәріптелуі қажет екенін атап өтті. Бұл тұрғыда да ақын-жазушыларға артылып отырған жүк салмақты.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Gold‘n Рахат» фильмі көрерменге жол тартты
07.11.2025, 10:14
Зейнетақы жинақтарына сатып алынған баспананы сатуға шектеу қойылмайды
07.11.2025, 10:13
Шығыс Қазақстанда 280-ге жуық мемлекеттік қызмет орны бос тұр
07.11.2025, 10:10
Хостелдегі өртке қатысты апелляциялық сот үкімі бүгін шығады
07.11.2025, 10:08
Филиппин аралдарында тайфуннан қаза тапқандар саны 188-ге жетті
07.11.2025, 10:07
Швецияда белгісіз дрондар ұшақ рейстерін тоқтатты
07.11.2025, 10:06
Ақмола облысында жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып, электр желісін зақымдады
07.11.2025, 10:05
Қазақстан Ибраһим келісімдеріне қосылды
07.11.2025, 10:04