Жылу беру нысандарында жөндеу жұмыстары баяу жүріп жатыр – Үкімет басшысы
Елімізде бірқатар жылу беру нысандарында жөндеу жұмыстары мерзімінен кешігіп жатыр. Бұл туралы Үкімет басшысы жылу беру маусымына дайындық мәселелері жөніндегі кеңесте айтты.
Әлихан Смайылов облыс әкімдерінің дайындық туралы есептерін тыңдады. Премьер-министр Атырау жылу-энергия орталығында №12 турбина өткен жылдан бері жөндеуде тұрғанын, ал №6 турбинада күрделі жөндеу жұмыстары әлі басталмағанын атап өтті. Оған қоса Қарағанды облысындағы нысанды жөндеу жұмыстарының мерзімі ұзартылған. Маңғыстау облысында жекелеген қазандықтар мен турбиналарда жүргізіліп жатқан жұмыстар кешігіп жатыр. Жезқазғандағы қазандықты жөндеу 2024 жылға шегерілген. №8 қазандықты күрделі жөндеу мерзімдерін ауыстыруға байланысты тиісті резерв қамтамасыз етілмегені де айтылды.
Үкімет басшысы, бірінші вице-премьер Роман Скляр мен Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке кестеге сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын жеке бақылау үшін республиканың энергетикалық нысандарын тексеруді тапсырды.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөлге қосымша электр желісін тартып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07