Парламент депутаттары каникулға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламент депутаттары каникулға кетті

02.07.2023

Келесі сессияда Парламент Салық, Бюджет, Су, Қала құрылысы кодекстерін, Мемлекеттік сатып алу, Ғылым және технологиялық саясат туралы заң жобаларын қарауды жоспарлап отыр. Тағы бір маңызды мәселе: мемлекеттік қарыз тақырыбы да жазғы демалыстан кейінгі уақытқа қалыпты. Сессияны жаппас бұрын Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге кәсіби біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Оған сай, Нұрсұлтан Назарбаев өзінің атындағы мектептер, жоғары оқу орны мен қор атауының жоғары кеңес басшысы мәртебесінен айырылуы тиіс.

Сонымен, депутаттар «каникулға» кетті. Бірақ олар «жазда да демалмаймыз, өңірлерді аралаймыз» деп отыр. Айтпақшы, осы шақырылым алдыңғыларымен салыстырғанда сессияны ертерек жауып жатыр. Бұрын депутаттар шілденің 6-нан кейін каникулға шығатын.

«Апта» бағдарламасы да жазғы демалысқа кетеді. Бұл маусымды бір жылда болған ең маңызды, өзекті деген оқиғаларға 90 секундта шолу жасап, қорытындылайық деп шештік. 

 

Хабарламаларға жазылу