Президент ІІМ алқа отырысын өткізді
Қажылыққа барамыз деп алаяқ компанияға алданған отандастарымызға шұғыл көмек көрсетілуі керек. Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында Президент осындай тапсырма берді. Айтуынша, кінәсіз отындастарымыз қазір Сауд Арабиясының полиция учаскесінде отыруға мәжбүр. Алаяқ компанияның мұндай заңға қайшы әрекеті азаматтарымыздың денсаулығына және еліміздің беделіне үлкен нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан жиында Қасым-Жомарт Тоқаев алаяқтармен күресті күшейтуді тапсырды. Өйткені соңғы кездері алданған азаматтардан шағым көп түсіп жатыр. Бұдан бөлек, жиында Мемлекет басшысы полициядағы бюрократияны жойып, қызметкерлерді халыққа жақын болуға шақырды. Әрі Ішкі істер министрлігінің жұмысын жетілдіруге, оларды әлеуметтік қолдауға қатысты тапсырмалар берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Полиция қызметкері заңға бағынатын адамға құрметпен қарауы керек. Ал тәртіп бұзушылармен заң аясында сөйлесу қажет. Адамды азаптауға, қинауға, тыйым салынған тергеу тәсілдерін қолдануға мүлдем жол берілмейді. Әрбір тәртіп сақшысы мұны жете түсінуге тиіс. Күнделікті жұмыста осы талаптар сақталса, азаматтардың полицияға деген сенімі артады. Әрине, қоғам тарапынан да құрмет болуы керек. Халықтың түсінігінде полиция азаматтарды қорғаушы, қолдаушы, қылмыстың алдын алушы, заңның орындалуын қадағалаушы болуға тиіс.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада Президент саябағы аумағын тазалады
07.04.2026, 17:37
Көкшетауда балалар әдебиетінің апталығы өтті
07.04.2026, 17:35
«Адал азамат – ауыл мектебінің келешегі»: Қостанайда дәріс-кеңес өтті
07.04.2026, 17:33
«Serpin Way» керуені Жамбыл жеріне жетті
07.04.2026, 17:30
Маңғыстауда әлеуметтік жобалар нәтиже бере бастады
07.04.2026, 17:27
Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні: Мектептерде ашық сабақ өтті
07.04.2026, 17:25
Киберқауіпсіздіктің кешенді экожүйесі қалыптасады
07.04.2026, 17:22
Иран Трамптың шартын орындаудан бас тартты
07.04.2026, 17:20