Астанада мыңнан астам отбасына азық-түлік себеттері таратылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мыңнан астам отбасына азық-түлік себеттері таратылды

29.06.2023

Астанада мыңнан астам отбасына азық-түлік себеттері таратылды. Акция Құрбан айт мерекесіне орай ұйымдастырылған. Қалалық әкімдік пен Qazaq Oil компаниясы арнайы меморандумға қол қойып, қайырымдылық шарасын тоқсан сайын ұйымдастыруға келіскен.

Бүгін таң атпай астаналық еріктілер бір жерге жиналды. Олардың мақсаты қасиетті мереке қарсаңында қайырымдық акциясына қатысу. Олар тау боп үйілген азық түлік қораптары мен құрбанға шалынған мал етін мұқтаж отбаслырға таратып береді.

Нұрдаулет Әлмұханов, «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарма» басшысы:

Мұқтаж жандарға мыңға жуық азық-түлік себеттерін тарататын боламыз. Сонымен қатар сол азық-түлік себеттерінің қасына біздің елордада құрбандыққа шалынған малдарды қайырымдылық ретінде қасына қосып береміз. Бүгін бастауын бастап жатырмыз. Бүгін бүкіл елорданың еріктілері бірігіп атқаратын боламыз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция жыл бойы жалғасады. Яғни, тоқсан сайын осындай себеттер компания есебінен таратылады. Оның ішінде тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлік салынған. Қорапта балаларға арналған жылы-жұмсақ та бар.

Гүлнәрайым Мырзабекова, көп балалы ана:

Мына Астана қаласының қалалық әкіміне көп-көп рақмет. Мына демеушілерге, осы көпбалалы және ерекше балаларды бағып отырған отбасыларға мына Құрбан айт шалып, қол ұштарын, көмектерін беріп, қолдарын созып жатыр.

Бұған дейін осындай акция наурыз мейрамы қарсаңында өткен. Ол кезде де 1000-нан астам аз қамтылған отбасына көмек көрсетілді. Жыл соңына дейін төрт мың отбасыға осындай жәрдем көрсетіледі

Серік Селеубайұлы


Хабарламаларға жазылу