20 мың отбасына азық-түлік себеттері таратылды

14.05.2020

Елордада «Біз біргеміз» акциясы аясында карантин кезінде 20 мыңнан астам отбасына азық-түлік себеттері таратылды.

Олардың 10 мыңын «Nur Otan» партиясы жеткізсе, қалған 10 мыңына жеке демеушілер мен кәсіпкерлер қолдау көрсетті. Игі шараны қайырымды жандар әлі де жалғастырып жатыр. Мәселен, бүгін тағы 100-ге жуық отбасына қажетті азық-түлікке жеткізілді. Әр аймақтағы үйлерге қораптарды апаруға еріктілер ат салысуда.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу