Алматы қаласы мен облысында патрульдік полицейлер жүргізушілерден жүйелі түрде пара алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласы мен облысында патрульдік полицейлер жүргізушілерден жүйелі түрде пара алған

29.06.2023

Алматы қаласы мен облысында жеті патрульдік полиция инспекторы пара алды деген күдікке ілініп отыр.

Олар жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпаған. Осы әрекеті үшін ақшалай сыйақы алып отырған. Сондай-ақ, полицейлер кейбір азаматтардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп келген.

Алматы облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Қазір қылмыстық істің материалдары түгел сотқа жолданды.


Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу