Павлодар облысында бірнеше лауазым иесі пара алды деген күдікке ілінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында бірнеше лауазым иесі пара алды деген күдікке ілінді

01.10.2021

Екібастұзда жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер «пара» алды деген күдікке ілінді. Олар мемлекеттік сатып алу конкурстары арқылы бюджет қаржысына жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардан жүйелі түрде ақша алып отырған. Оның қарымтасы ретінде атқарылған жұмыстар актілерін кідіріссіз қабылдап, қол қойған. Енді бұл нысандардың қаншалықты сапалы жөнделгендігін анықтау үшін кешенді тексеру жүргізіледі. Күдікке 6 қызметкер іліккен. Олардың үшеуі бөлім басшылары мен қала әкімінің орынбасары

Рәзия Ахметова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі:

Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ахметовқа және тұрғын үй коммуналдық қызметі, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар мердігерлік ұйымдардан жүйелі түрде пара алған.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу