Петропавл әкімдігінің қызметкері блокбекеттен кедергісіз өткізу үшін тұрғындардан пара алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавл әкімдігінің қызметкері блокбекеттен кедергісіз өткізу үшін тұрғындардан пара алған

23.04.2020
Петропавл әкімдігінің қызметкері блокбекеттен кедергісіз өткізу үшін тұрғындардан пара алған

Петропавл әкімдігінің қызметкері блокбекеттен кедергісіз өткізу үшін тұрғындардан пара алған.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов мәлімдеді.

«Петропавл қаласы әкімдігінің қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның облыстық коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабтың мүшесі екені анықталды. Лауазымды тұлға блокбекеттер арқылы автокөліктің кедергісіз өтуіне рұқсатнаманы рәсімдегені үшін 50 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді», - деді ол.

Ал Шымкент қаласында жол-патрульдік полицей жеке кәсіпкерді блокбекеттен ақшаға өткізіп тұрған. 

«Полиция қызметкері төтенше жағдай режимі кезінде ЖШС өкілінен оның блокбекеттен кедергісіз өтуі үшін және әкімшілік жазаға тартылмауы үшін 25 мың теңге мөлшерінде пара алған», - деді агенттік аппаратының басшысы.

Хабарламаларға жазылу