Бүгін Астанада хоккейден Қазақстан Президенті Кубогы турнирі басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада хоккейден Қазақстан Президенті Кубогы турнирі басталады

09.08.2014
Бүгін Астанада хоккейден Қазақстан Президенті Кубогы турнирі басталады

Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында бүгін хоккейден «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» V халықаралық турнирі өтеді. Турнирде «Барыс». «Авангард» (Омбы), «Нефтехимик» (Нижнекамск) пен «Металлург» (Новокузнецк) командалары кубогты сарапқа салады.

Бүгін бірінші кезеңнің матчтары өтсе, 10 -11  тамыз күндері екінші және үшінші кезеңнің матчтары өтеді. Финал тамыздың 12-сі күні өтеді. Хоккейден Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Бұған дейін отандық «Барыс» командасы үш мәрте жеңімпаз атанған.

 

Хабарламаларға жазылу