Қызылорда облысында 21 адам қарбыздан уланып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында 21 адам қарбыздан уланып қалды

26.06.2023

Қызылорда облысында жаз басталғалы 21 адам қарбыздан уланып, медициналық көмекке жүгінген. Мамандар қазір бақша өнімінің құрамында улы нитраттың шамадан тыс көп екенін айтады. Оның үстіне маусым айы қарбыздың пісетін уақыты емес. Сондықтан түрлі тыңайтқыш, дәрумендермен ерте піскен жеміс-жидектер денсаулыққа зиян. Бірақ, соған қарамастан тұрғындар сауда орындарынан қауын-қарбызды сатып алып жатыр. Ал аймақта жоғары нитратты бақша өнімін тұтынып, ішек инфекциясына шалдыққандар саны еселеп көбейіп отыр.

Меруерт Битасова, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

Қызылорда облысының жұқпалы аурулар ауруханасына 119 адам жатқызылған. Оның ішінде 17-сі осы тікелей ауруын осы тікелей қауын-қарбыз тұтынумен байланыстырған.


Хабарламаларға жазылу