Ақтауда 5 адам уланып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда 5 адам уланып қалды

14.02.2020

Ақтауда бүтін бір отбасы қандаланың уынан ажал құша жаздады. Пәтерін жәндіктерден залалсыздандырмақ болған тұрғын көрші –көлемге мүлде ескертпеген. Салдарынан, 5 адам уланып қалды. Дәрігерлер дер кезінде медициналық көмек көрсетіп, ересек екі адамды үйіне қайтарды. Үш бала ауруханада ем алып жатыр. Төрт күн бұрын ғана дәл осы мекен жайдағы басқа пәтерді қандаладан улап, 3 адам ажал құша жаздады. Дәрігерлер оқыс жағдайдың жиілеп кеткеніне алаңдаулы. Өйткені, бұл жыл басынан бергі үшінші оқиға. Былтыр өңірде қандаланың уынан 13 адам зардап шегіп, екеуі қайтыс болды. Дезинфекция жасаған мекеменің маманы 5 жылға сотталды.

Аягөз ОРАЛБАЙ


Хабарламаларға жазылу