Ел бойынша вирус жұқтырғандар саны 979-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел бойынша вирус жұқтырғандар саны 979-ға жетті

13.04.2020

Дәл қазіргі таңда Қазақстанда науқастар саны 979 -ға жетіп отыр. Бір тәулікте 68 адам вирус жұқтырды. 138 адам жазылып шықты. Өкінішке қарай 12 адам қайтыс болды. Бұл індет еліміздің барлық 17 аймағына тарап үлгерген. Басым көпшілігі Нұр-сұлтан, Алматы қаласы, Қызылорда өңірінде. Қарағанды облысында 76, Ақмолада 71 адам тіркелді. Атырау облысында 59, Жамбыл аймағында 46, Түркістан өңірінде 43 адамнан вирус анықталған. Шымкент қаласында 38, Солтүсік Қазақстанда 26, Алматы облысында 21, Ақтөбе облысында 11 дерек тіркелді. Маңғыстау мен Павлодар өңірлерінде 10 адам вирус жұқтырған. Қалған өңірлер 10-ға жетпейді.  

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу