Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP 500 турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бублик Германияда өтіп жатқан ATP 500 турнирінің жартылай финалына шықты. Жерлесіміз ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы, италиялық, 21 жастағы Янник Синнермен шеберлік байқасты. Осыған дейін қарсыластар өзара төрт кездесіп, соның бәрінде италиялық спортшы жеңіске жеткен. Бұл жолы бірінші сетте Александр 7:5 есебімен басым түсті. Екінші сетте 2:0 есебімен Бублик жеңіп жатқан кезде Синнер матчты жалғастырудан бас тартты. Бар-жоғы 52 минутқа созылған бәсекеде Бублик 6 эйспен бірге 3 брейк-пойнтты пайдаланып үлгерді. Қазақстандық теннисші финалға шығу үшін жергілікті теннисшімен немесе Чили өкілімен кездеседі.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену – өсетін елдің белгісі
09.09.2026, 18:44
Атырауда «Lotus clean day» шарасы өтті
09.09.2026, 17:38
Сыр бойындағы көне шаһарлардың «Алтын ордамен» байланысы зерттелуде
09.09.2026, 17:37
Зайсан көлінің жағасына балық зауытын сала бастады
09.09.2026, 17:35
Атырауда мал азығын дайындау науқаны аяқталып қалды
09.09.2026, 17:33
13,5 млн тонна астық жиналды
09.09.2026, 17:30
Жамбыл облысында бейімдеу бағдарламасы іске қосылды
09.09.2026, 17:25
СҚО-да жылжымалы дәріхана жұмыс істей бастады
09.09.2026, 17:22