Моңғолия астанасы Ұланбатырда дзюдодан Үлкен Дулыға турнирі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Моңғолия астанасы Ұланбатырда дзюдодан Үлкен Дулыға турнирі басталды

23.06.2023

Бүгін Моңғолия астанасы Ұланбатырда дзюдодан Үлкен Дулыға турирі басталды. Алғашқы күні татамиге 5 спортшымыз шықты. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған ағайынды Ғұсман мен Ғұмар Қырғызбаевтар да және 60 келіде күрескен Шерзод Давлатов та жүлдеге таласа алмады. Біреуі бірінші айналыман, екеуі екінші айналымнан жарысты аяқтады.

Қыздар арасында 48 келіге дейінгі салмақта белдескен Ғалия Тынбаеваның медаль алуға мүміндігі болды. Жартылай финалға дейін сүрінбей жеткен бұрымдымыз финалдың жолдамасы үшін күресте жеке бейтарап спортшыдан жеңілді. Ал үшінші орынға таласта Португалия өкіліне жол берді.

Ал 60 келіде ел намысын қорғаған Нұрқанат Серікбаев ширек финалда жеке бейтарап спортшыға есе жіберді. Бірінші жұбаныш белдесуінде жарыс қожайыны Моңғолия болуанынан айласын асырса, қола жүлде үшін таласта кәріс дзюдошысынан жеңілді. Жарыс 25-нші маусымға дейін жалғасады. Ұланбатыр гранд слэм турнирінде Қазақстан атынан 17 спортшы күреседі.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу