Ресейде шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салынды

22.06.2023

Ресейде мемлекеттік қызметкерлер шетелдік мессенджерлерді қолданса айыппұл арқалайды. Тиісті заңды Мемлекеттік Дума бекітті. Роскомнадзор Telegram және WhatsApp сияқты 9 мессенджерді шетелдік желілердің тізіміне кіргізген. Заңға сәйкес шенеуніктерге енді оларды қызмет көрсету кезінде төлем құжаттары мен дербес деректерді беру үшін пайдалануға тыйым салынады. Олай болмаған жағдайда 700 мың рубль, яғни, 4 млн теңгеге дейін айыппұл төлеуі тиіс. Сонымен қатар қаржы секторындағы ұйымдарға шетелдік мессенджерлерді өздерінің ақпараттық жүйелеріне қосуға рұқсат жоқ. Санкция салдарынан шетелдік смартфондар да Ресей территориясында өшірілуі мүмкін.

Владимир Евсеев, сарапшы:

Санкция, экономикалық шектеулер ел өмірінде көптеген өзгерістерге сеп болды. Алдағы уақытта санкция саны өседі деп есептейміз. Бұл ең алдымен экономикаға ауыр соққы, сонымен қатар жаңа технологиялар, ІТ саласына да кері әсерін тигізеді деп ойлаймын. Нақты әсерін бірнеше жылдан бастап сезіне бастаймыз.


Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу