Иранда Instagram-ды қолдануға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда Instagram-ды қолдануға тыйым салынды

25.05.2014
Иранда Instagram-ды қолдануға тыйым салынды
Иран соты Facebook әлеуметтік желісіне тиесілі Instagram-ды ел аумағында пайдалануға тыйым салу туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Hitech.vesti.ru. Бұған ирандықтар тарапынан түскен өтініштер себеп болған.
 
Instagram желісіне шектеу қою туралы қаулы қазіргі уақытта  Иранның ақпарат   министрлігіне жолданды.  
 
Тұрғындар аталған әлеуметтік желі олардың құпия мәліметтерінің жария болуына себеп болды деп арызданған. Әзірге Instagram қосымшасы қолжетімді. Әлеуметтік желіні жабу туралы қаулының қай уақытта күшіне енетіні белгісіз.
 

Хабарламаларға жазылу