Ақтөбеде қоқыс тарифі екі есеге көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде қоқыс тарифі екі есеге көтерілді

22.06.2023

Ақтөбеде қоқыс тарифі екі есеге көтерілді. Бұған дейін көп қабатты үйлердің тұрғындары 180, жер үйдегілер 200 теңгеден төлеп келген еді.

Енді қалалық мәслихат шешімімен 417 және 450 теңге болып белгіленді. Жауаптылар бұған жанар-жағармай бағасының қымбаттауы себеп болғанын айтады. Әрі Ақтөбе қаласында қоқыс шығару тарифі бұған дейін еліміз бойынша ең төмені болып келген. Баға көтерілмес бұрын қоғамдық тыңдаулар өтті. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, тұрғындардың көбі өзгеріске түсіністік танытып отыр. Қазір шаһар бойынша 600 мыңнан аса абонент бар. Қоқыс шығарумен үш компания айналысады.

Серік Дәулетов, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

ГСМ-нің бағасы, жұмысшылардың жалақылары толығымен оларда өсті. Сол себепті қазіргі уақытта аталған мердігер мекемелер минусқа жұмыс істеп тұр. Аталған ұсыныс әділет департаментіне тіркелуге жіберілді.


Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу