Коммуналдық тариф шамамен 4%-ке қымбаттаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коммуналдық тариф шамамен 4%-ке қымбаттаған

23.02.2021

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, әсіресе қоқыс шығару қызметінің құны бір жылда 19 процентке өскен. Оның орташа тарифі былтыр 173 теңгені көрсетсе, биыл 264 теңгеге көтерілді. Тұрғын үйге жөндеу жүргізу, қызмет көрсету құны 6%, жарық бағасы 5%-ке өсті. Судың бағасы текше метріне 70 теңгеге дейін қымбаттаған. Бұған дейін ауыз су тарифі елді мекендерде қаладан қымбат екенін айтқанбыз. Суға қатысты өзгерту енгізілген Кодекске Президент қол қойған еді. Ауылдардағы судың құнын арзандату үшін шығынның бір бөлігін мемлекет өтейді.

Мақсат Сералы, экономист, «Атамекен» ҰКП өкілі:
Ауылдың өмір сүру деңгейі әртүрлі. Экономикалық белсенді топтар аз. Орташа жалақы деңгейі де аз. Сондықтан әр ауылды аймақ қаражатына сәйкесінше коммуналдық тарифтерді бекіту керек.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу