Түркістандағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

11.09.2019

Түркістан қаласындағы қонақ үйлердің бірінде болған газ жарылысынан 11 адам зардап шекті. Олардың дені - өрт сөндірушілер. Арасында 3 полиция қызметкері мен шаһардың екі тұрғыны бар. Зардап шеккендердің біразы алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, үйлеріне жіберілді. Қазір 5 азамат ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның біреуі - Төтенше жағдай департаментінің қызметкері. Қалған төртеуі - өрт сөндіруші. 

Облыстық Төтенше жағдай қызметі департаментінің басшысы Нұрғали Жүнісовтың айтуынша, 3 тонналық газ цистернасын толтыру кезінде жарылыс болған. Өрт шарпыған аумақтың көлемі - 1400 шаршы метр. 

Әмірхан Сандыбаев Түркістан қаласы орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Төртеуінде күйік. Бір ауруда сол жақ бұғанасының сынуы бар. 1, 2 дәрежелі күйіктер. Ауқымдары әртүрлі. 5 проценттен 15 процентке дейін. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу