Елімізде үш банк пайда болуы мүмкін
Елімізде жаңа үш банк пайда болуы мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк құру үшін талаптарды жеңілдетуді көздеп отыр. Ол қандай талап? Қазір жаңа банк құрылса, оған жұрттың депозитке салған ақшасын пайдалануға бір жыл тыйым салынады. Енді бұл ереже алынып тасталмақ. Қазір заңға тиісті түзетулер әзірленді. Құжат ашық талқылауға шығарылған. Егер ол қабылданып жатса, үш микроқаржы ұйымы екінші деңгейлі банкке айнала алады. Олардың айналымында қаржы жеткілікті. Жоспар бойынша екі банк жыл соңына дейін ал үшіншісі алдағы бірнеше жылда ашылуы мүмкін.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12