Биыл елімізде 600-ден аса есірткі сатушы ұсталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елімізде 600-ден аса есірткі сатушы ұсталған

16.06.2023

Биыл елімізде 600-ден аса есірткі сатушы ұсталған. Оның 99 әйел адам. Ішкі істер министрілігі әсіресе, телеграм желісінде есірткі саудалаушылар саны өсіп бара жатқанын айтады. Соңғы 5 айдың өзінде осы затты жарнамалайтын 2200-ден аса сайт бұғатталған. Биыл есірткіге еліккендермен жұмысты күшейту мақсатында кешенді жоспар әзірленді. Бұл бағытқа 53 млрд теңге қарастылған.

Бұл есірткі сатамын, оңай жолмен ақша табамын деп өзінің де өзгенің де өмірін құртқан жандар. Олар есірткіні бір мекен-жайдан екіншісіне жеткізу үшін 20-40 мың теңге төңірегінде ақша тапқандарын айтады. Бірақ затты кімнен алып, кімге жеткізіп жатқанын өздері де білмейді. «Барлығы интернет арқылы онлайн түрде жүргізілді», - дейді.

Данияр, есірткі сатушы:

Жеңіл ақшаның артымен кетіп қалдым. Жас балаларға айтарым, мұндаймен айналыспаңыздар. Өз өмірлеріңізді құртасыздар.

Соңғы 5 айдың ішінде осылай оңай жолмен есірткі сатып, табыс табамын деген 600-ден адам ұсталды. Ал заңсыз айналымнан 2,5 мың тоннадан аса есітркі тәркіленген. Оның басым бөлігі марихуана.

Бақытжан Әмірханов, ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:

Оларды жұмысқа шақырып, ойлекске кіргендей жұмыс іздеген кезде телеграмға сілтеме жасап, закладчик жұмыстарын ұсынады. Оңай олжаға тап боламыз деп басбостандықтарынан айырылып қалғандарын түсінбей қалады. ҚР ҚК 296, 297 бабы сатқаны үшін 14 жасынан бастап басбостандығынан айырылады мүмкін, 14 жасынан бастап жауапқа тартылуы мүмкін.

Биыл елімізде есірткіге қарсы күресті нығайту үшін Ішкі істер министрілігі кешенді жоспарды жоспарды жүзеге асырады. Үш жылға арналған жоба құны 53 млрд теңге. Демек адамның санасын улап, болашағына балта шабатындармен күрес күшейеді. Яғни, бұл бағытта жұмыс істейтін құзырлы органның техникалық базасы жаңартылады.


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу