Елімізде есірткіге қарсы кешенді жоспар үшін 53 млрд теңге жұмсалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде есірткіге қарсы кешенді жоспар үшін 53 млрд теңге жұмсалады

16.06.2023

Биыл елімізде есірткіге қарсы күресті нығайту үшін кешенді жоспар жүзеге асады. Үш жылға арналған жоба құны — 53 млрд теңге. Демек адамның санасын улап, болашағына балта шабатындармен күрес күшейеді. Яғни бұл бағытта жұмыс істейтін құзырлы органның техникалық базасы жаңартылады.

Биыл елімізде 2200-ден аса есірткі жарнамалайтын сайт бұғатталған. Оңай жолмен осы затты саудалап, табыс тапқысы келгендер  де жаппай қолға түсіп, 600-ден астамы ұсталды. Ал заңсыз айналымнан 2,5 мың тоннадан аса есітркі тәркіленген. Оның басым бөлігі — марихуана. Бүгін Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі арнайы комиссияның отырысы осы мәселеге арналды. Басқосуда есірткінің заңсыз айналымына қарсы жұмыстарды күшейту үшін нақты қандай шара қабылданып жатқаны талқыланды.

Бақытжан Әмірханов, ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:

Негізгі көздеген мақсаттары — құзіретті органдардың  уәкілеттілігін күшейту. Одан кейін профилактикалық шараларды көбейту. Ертерек тұтынушыларды анықтау және арнайы керекті қондырғылармен сот сараптама жүргізетін юстиция, шекара қызметі , медицина саласы, полиция қызметі сияқты салаларды  заманауи қондырғылармен жабдықтау көзделген. Республикадан бюджеттен комиссиядан өтті, 53 млрд бюджеті бар.


Хабарламаларға жазылу