Алматы облысында биыл 90 түлек жоғары оқу орындарына тегін қабылданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында биыл 90 түлек жоғары оқу орындарына тегін қабылданады

15.04.2015
Алматы облысында биыл 90 түлек  жоғары оқу орындарына тегін қабылданады

Алматы облысында ата-ана қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан  90 түлек  биыл жоғары оқу орындарына тегін қабылданады.

Облыс әкімі Амандық Баталов пен жоғары оқу орындарының ректорлары өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Бұл келісім нәтижесінде, үміткерлер сұранысқа ие мамандықтар бойынша ақысыз білім алып шығады.

Сондай-ақ, облыс басшысының қолдауымен жетісулық 10 оқушыға «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінде ақысыз білім алуға мүмкіндік берілмек.  

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу