Елдегі алты зілтемірші допинг қолданған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі алты зілтемірші допинг қолданған

15.06.2023

Ауыр атлетика федерациясы тағы да даудың астында қалды. Ұлттық допингке қарсы орталық жарыстан тыс допинг-бақылауын жүргізген. Қорытындысы бойынша 6 зілтеміршінің сараптамасы оң нәтиже көрсеткен. Оның ішінде Азия және әлем чемпионатының жүлдегерлері мен Азия біріншілігінің чемпионы Нұрғиса Әділетұлы бар. Бұдан бөлек, халықаралық тестілеу агенттігі әлем чемпионы Артем Антроповты допингке қарсы ережені бұзды деп айыптап отыр. Оның да сынамасы оң шыққан. Олардың әрқайсысына соңғы шешім тергеуден кейін қабылданады деді федерацияның баспасөз қызметі. Қазір барлығы спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындарынан уақытша шеттетілген. Сондай-ақ ерлер мен әйелдер құрама командаларының бас жаттықтырушыларын қызметінен босату жайы қарастырылып жатыр.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу