Сенат отырысы: Инфляция баяулады деген болжам бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат отырысы: Инфляция баяулады деген болжам бар

15.06.2023

Сенаттың жалпы отырысында бірнеше заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесі талқыланып жатыр.

Азамат Бейбітұлы, тілші:

Былтыр атқарылған жұмыстың нәтижесі, бюджеттің есеп-қисабы айтылып жатыр. Басшылар бюджеттен бөлінген қаржыға жауапкершілікпен қарамайды. Жоғары аудиторлық палатаның төрайымы Наталья Годунова осылай сын айтты.

Орталық мемлекеттік органдар өңірлердегі жетекшілік ететін бағыттарды жеткілікті деңгейде үйлестірмейді. «Министрліктер жауапкершілікті өңірлерге ысыра салғысы келеді», - деді ол. Ал Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша теңгедегі салымдар 22 пайызға артты.

Бұл қабылданған белсенді шаралар қаржы жүйесінің тұрақсыздануын болдырмауға және теңгедегі активтерге деген сенімді сақтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ елімізде инфляцияның баяулауы күтілуде. Бұған жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясаты сеп. Әзірге ақпарат осы.


Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу