АҚШ Сенатында Д.Трампты отставкаға жіберу мәселесі бойынша импичменттік тергеу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Сенатында Д.Трампты отставкаға жіберу мәселесі бойынша импичменттік тергеу басталды

17.01.2020

АҚШ Сенатында президент Дональд Трампты отставкаға жіберу мәселесі бойынша импичменттік тергеу басталды. Дегенмен бұл палата мүшелерінің басым бөлігі – республикалықтар, яғни, Трамптың жақтастары. Сондықтан Сенат Ақ үй басшысын қызметтен аластата алмайды деген болжам бар. Оның үстіне бұған дейін 53 республикалық сенатордың бірде-бірі президентті орнынан алуды қолдамаған. 

Қазір Трампқа екі айып тағылып отыр. Оның бірі – билікті асыра пайдалану, екіншісі – Конгресс жұмысына кедергі жасау жайында. 

Демократтардың мәлімдеуінше, Трамп 2020 жылы өтетін сайлаудағы негізгі бәсекелесі Джо Байден мен оның ұлының Украинадағы ісін терге деп, президент Владимир Зеленскийге қысым жасаған. Алайда, Трамп мұның бәрін жоққа шығарып, өзіне қарсы процесті жалған деп сипаттап отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу