Елден ерікті түрде кеткендердің әрқайсысына 700 еуро өтемақы төленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елден ерікті түрде кеткендердің әрқайсысына 700 еуро өтемақы төленеді

25.02.2016
Елден ерікті  түрде кеткендердің әрқайсысына 700 еуро өтемақы  төленеді
Елден ерікті  түрде кеткендердің әрқайсысына 700 еуро өтемақы  төленеді

Германия үкіметі босқын мәртебесін ала алмаған, бірақ елге кірген шетелдіктердің кетуі үшін өтемақы тағайындады. Босқын мәртебесін ала алмағандықтан, елден шығарылуы тиіс мигранттардың әрқайсысына 700 еуро төлемек. Бірақ, бас сауғалап келгендер елден ерікті түрде кетуі тиіс. Бұл туралы Германияның Focus.de сайты хабарлады.

Дегенмен, бұл өтемақы барлық босқындарға қатысты емес. Ауғанстаннан келген мигранттарға беріледі. Германияға түрлі жолдармен келген, бірақ босқын мәртебесін ала алмаған ауғанстандықтар елдеріне қайтатын болса 200 еуро жол шығыны мен 500 еуро қосымша көмек беріледі. Сәрсенбі күні Германиядан Ауғанстанға қайтқан 125 адамға осы қаржы беріліпті.

Осылайша Германия үкіметі елге бас сауғалап келген, бірақ, босқын мәртебесін ала алмаған 200 мың адамды өз елдеріне кері қайтарудың жолын қарастырып жатыр. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін Германия Сыртқы және ішкі істер министрлері 17 мемлекетке хат жолдаған болатын. Ақпанның басында Ауғанстанға жұмыс сапарымен барған Германия Ішкі істер министрі Томас де Майзире ауғанстындық басшылармен бұл мәселе жөнінде келісімге келген еді. Нәтижесінде, Германиядан Ауғанстанға қайтқан адамдарға осы өтемақы беріле бастады.

Өткен жылы 1,1 млн босқынды қабылдаған Германия бас сауғалап келгендердің ішінде ресми рұқсат ала алмағандарды осылай елдеріне қайтармақ ниетте. Бірақ, мұндай өтемақы барлық елден келген босқындарға қатысты бола ма, жоқ па белгісіз. Әзірге тек ауғанстандықтарға беріліп жатыр.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу