EURO 2024: Қазақстан Словенияға жол берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EURO 2024: Қазақстан Словенияға жол берді

21.11.2023

Футболдан Ұлттық құрама EURO 2024 турниріне жолдама ала алмады. Есеп 1:2. Словенияға жол бердік.

Бірінші таймның 41-ші минутында Словения құрамасы пенальтиге ие болып, команда ойыншысы Беньямин Шешко 0:1 ұпаймен есеп ашты. Алайда екінші тайм басталған сәттен-ақ, қазақстандық футболшылар белсене шабуылға кірісті. Ойынның 48-ші минутында Максим Самородов берген пасты қабылдаған Рамазан Оразов Словенияның қақпасына гол салып, есепті теңестірді. Ал ойынның 86-шы минутында словениялық ойыншы Беньямин Вербич Қазақстан қақпасына гол салып, 1:2 есебімен командасын алға шығарды. Өкінішке қарай, Ұлттық құрама Еуро-2024 турниріне жолдама ала алмады.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу