Таиландта тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таиландта тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды

13.06.2023

Бүгін Таиландта тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды. Велошабандоздарымыз ел қоржынына 13 жүлде салды. Оның сегізі алтын, төртеуі күміс және біреуі қола медаль. Екінші орынды жарыс қожайыны Таиланд алса, үздік үштікті Вьетнам түйінеді. Біріншілікте сары құрлықтың 27 елінен келген 700-ге жуық спортшы бақ сынады. Мұнда Париж Олимпиадасына қажет рейтинг ұпайлары сарапқа салынды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу