Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Абай облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Абай облысына барды

13.06.2023

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Абай облысына келді. Ол алапат өрт кезінде құрылған эвакуациялық пункттерді аралады.

Каштак, Половинка, Талица ауылдарынан уақытша көшірілген тұрғындармен кездесіп, жасөспірімдерге жасалған жағдаймен танысты. Қазір өңірдегі эвакуациялық пункттерге 180 адам орналастырылған. Олардың 64-і бала. Динара Закиева жасөспірімдерге тәтті-дәмді таратып, кітаптар сыйға тартты. Олармен әңгімелесіп қал-жағдайларын білді. Қиын кездерде әрқашан бір-бірімізге қолдау көрсетіп, бірінші кезекте бүлдіршіндерге қамқорлықты аямауымыз қажет-дейді уәкіл.

Динара Зәкиева, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл:

Осындай жағдайда біз бәріміз бірге болуымыз керек. Отбасылармен, балалармен болуымыз керек. Сонымен қатар біз эвакуациялық пункттерге келдік. Жағдай жасалған. Жергілікті атқарушы органдар балларға арнайы бағдарламалар құрды.

Динара Зәкиева өрт кезінде қайтыс болған отбасы мүшелерімен де, кездесті. Әкелері табиғи апат кезінде қаза тапқан балалардың жағдайы үнемі бақылауда болатындығын жеткізді. Уәкіл Семейдегі өзге де эвакуациялық пункттерде болып, азық-түлік пен қажетті заттарды табыстады.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу