Мысырдың Қызыл теңіз жағалауында моторлы қайық өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мысырдың Қызыл теңіз жағалауында моторлы қайық өртенді

12.06.2023

Мысырдың Қызыл теңіз жағалауында моторлы қайық өртенді, британдық 3 турист жоғалып кетті. 12 адам құтқарылған. Олар Марса Алам қаласына жеткізілді.

Апатқа электр сымының қысқаша тұйықталуы себеп болды. Оттың тез қаулауына қатты ұйытқыған жел мен аптап ыстық әсер еткен.

Қазір шетелдік саяхатшылар іздестіріліп жатыр. Британ сыртқы істер министрлігі осы оқиғаға байланысты жергілікті билікпен байланыс орнатқанын және апатқа ұшыраған азаматтарына қолдау білдіріп жатқанын хабарлады.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу