Каспийдің Дағыстандағы жағалауында итбалықтар құс тұмауынан өлген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспийдің Дағыстандағы жағалауында итбалықтар құс тұмауынан өлген

25.01.2023

Каспийдің Дағыстандағы жағалауында итбалықтардың қырылуына құс тұмауы себеп. Бұл туралы Дағыстан мемлекеттік университетінің Экология және тұрақты даму институтының директоры мәлімдеді. Зерттеу кезінде итбалықтардың өлексесінен А типті тұмау вирусы табылған. Бұған дейін Каспийдің Дағыстандағы жағалауында Қызыл кітапқа енген 1700 өлі итбалық табылған еді.

Алимурад Гаджиев, Дағыстан мемлекеттік университеті экология және тұрақты даму институтының директоры:

Қазір құс тұмауы өршіп тұр. Теңіз сүтқоректілері, жануарлар, әсіресе аюлар қырылып жатыр. Нақты қандай штамм екені әзірге белгісіз. Зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ол үшін арнайы бағдарлама бар. Көктемде нақты нәтижелерді шығарамыз.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу