«Ақсауыт». Әскери жүзгіштер мен сүңгуірлер тобының қызметі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақсауыт». Әскери жүзгіштер мен сүңгуірлер тобының қызметі

22.04.2018

«Ақсауыт» хабарының бүгінгі шығарылымы Каспий жағасында орналасқан әскери теңіз күштерінің ерекше жасағы - әскери жүзгіштер мен сүңгуірлер тобының атқаратын қызметі жайлы болды. Бағдарлама қаруланған содырлардың әскери теңіз күштерінің кемесіне шабуыл жасап, экипаж құрамын толықтай кепілдікке алған төтенше жағдай туралы болды. Осыған байланысты Батыс өңірлік қолбасшылығының Ақтау горнизонына қарасты әскери бөлімдер толықтай аяққа тік тұрған.  Жедел құрылған штаб шабуыл жоспарын әзірлеп, содырлар басып алған кемеге соққы берілді.

Асхат, Арнайы жасақ жауынгері:

- Бірінші жүзгіштер тобына тұтқынға түскен адамдарды құтқарып, лаңкестерді жою тапсырмасы қойылды. Ал, сүңгуірлер тобы кеме астына орнатылған миналарды залалсыздандырып, палубаға басып кіруге тиіс болатын. Операцияға екі моторлы қайық пен екі гидроциклды шығардық. Жүргізушінің артына атқыштар жайғасты. Олар оқ жаудырып, қарсыластың назарын аулайды. Міне, осы кезде екінші топ кеме астынан келіп, өзінің тапсырмасын орындайды.

Операцияның сәтті өтуі сүңгуірлер тобының белгіленген уақытта жетуіне тікелей байланысты болған. Өйткені, тікұшақ пен катердегі жүзгіштер тобы бұрын келіп қалса, жоспар орындалмай қалуы мүмкін еді. Дегенмен, 4-5 минуттың ішінде қарулы топ талқандалып, экипаж құрамы аман-есен босатылды.

Хабарламаларға жазылу