Денсаулық сақтау министрлігі: Көк түтіннен қатер көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денсаулық сақтау министрлігі: Көк түтіннен қатер көп

12.06.2023

Өкпенің созылмалы ауруы, демікпе, жүрек-қан тамырлары аурулары бар азаматтарға орман өрті түтінінің қаупі өте жоғары. Осылай деген Денсаулық сақтау министрлігі, түтін басқан жағдайда қандай әрекеттер жасау керек екенін ескертеді. Егер бас ауруы тым жиілесе, бұл көмірқышқыл газына уланудың алғашқы белгілері болып саналады. Сондықтан уақыт созбай дереу дәрігерге қаралу қажет деді. Сондай-ақ ведомсвто өкілдері, түтіннен зардап шегіп жатқан аймақ халқына далаға серуендеуден бас тартып, барынша үйден шықпауға және қайнаған суды жиі ішуге кеңес беруде. 


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу