Әлеуметтік желідегі психологтардан сақтану керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік желідегі психологтардан сақтану керек

31.10.2023

Әлеуметтік желідегі психологтардан сақ болыңыз. Себебі көбі сала маманы емес. Сондықтан ақыл кеңестері көмектеспек түгілі денсаулығыңызға қатер төндіруі мүмкін. Бұл жағымсыз тенденция батыс елдерінде де белең алып барады. Мәселен, PlusCare виртуалды денсаулық сақтау платформасы Тиктокта жарияланған 500 бейнероликке сараптама жасап, оның 84 пайызы адамды шатастыратынын, тіпті қауіпті екенін анықтады. Өйткені кейбірі дәрігердің кеңесінсіз препараттарды ұсынған. Сондықтан мамандар қандай да бір медициналық көмекке мұқтаж болсаңыз тек кәсіби дәрігерге жүгінуге кеңес береді.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу