«Денсаулық» бағдарламасын орындауда олқылық көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Денсаулық» бағдарламасын орындауда олқылық көп

17.08.2017

Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық» бағдарламасының орындалуына көңілі толмайды. Елжан Біртанов бүгін облыстық Денсаулық сақтау басқармаларының басшыларын жинап, алқалы отырыс өткізді. Министрдің назарына, әсіресе, Қостанай, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстары ілінді. Өйткені, бұл өңірлер бағдарламаны толық орындай алмай, бірқатар көрсеткіштер бойынша көш соңында қалған. Мәселен, Алматы облысында биылғы 6 айда жалпы өлім көрсеткіші артып кеткен. «Жалпы, аталған үш өңірдегі жағдай көңіл көншітпейді», - дейді министр. Сондықтан, Елжан Біртанов бұл олқылықтарды дереу жоюды тапсырды.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу