Еліміздің барлық мешітінде бір сәтте Құран бағышталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің барлық мешітінде бір сәтте Құран бағышталды

12.06.2023

Еліміздің барлық мешітінде бір сәтте Абай облысындағы өртте шейіт болғандардың рухына құран бағышталды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы бастаған бір топ имам елордадағы мешіттердің бірінде Құран хатым дұғасын жасады. Сонымен бірге қаза тапқандардың отбасына, ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтты. «Зекет» қайырымдылық қоры зардап шеккендер мен оқиға орнында жұмыс істеп жатқан азаматтар үшін жылу жинап жатыр», - деді. Қазірге дейін азаматтардан 5 миллион теңгеден аса қаржы жиналған.

Наурызбай Қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:

Артында қалған осы қайтыс болған жандардың ет жақындарына Алладан көркем сабыр сұрап, бүгін дұға еттік. Ал Алла Тағала осындай жаман табиғи апаттардан елімізді, жерімізді, халқымызды сақтасын. Қайтыс болған кісілерге біздің жергілікті имамдарымыз барлық көмекті жасап жатыр. Шариғи жағынан болсын, материалдық жағынан болсын.


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу