Еліміздің барлық мешітінде Құран хатым дұғасы оқылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің барлық мешітінде Құран хатым дұғасы оқылды

29.08.2021

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай еліміздің барлық мешіттерінде бір мезетте Қасиетті Құран оқылып, хатым дұғасы бағышталды. Осы орайда, «Әзірет Сұлтан» мешітінде марқұмдардың рухына дұға жасалды. Құран аяттарынан болған сауапты көз жұмғандардың артында қалған жақындарына, апатты жағдайда марқұм болғандардың рухына дұға, діни басқарманың бүкіл әлеуметтік желі парақшаларына шығып, тікелей эфирде бағышталды.

Ершат қажы Оңғар, наиб мүфти:
Біздің сардарларымыз ел қорғап, әскери міндетін атқарып, әсіресе өрттің үстіне қаза тауып жатыр. Мұндай қазаны шариғатта шәйіт дәрежесінде деп санайды. Өйткені ол ел қорғау үшін, қоғамның тыныштығын сақтау үшін жандарын пида етті.

Тараз қаласындағы орталық мешітте де қаза болғандардың рухына Құран бағышталды. Облыстан өзге өңірдегі аудандар мен елдімекендердегі мешіттерде дұға оқылды.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу