20 жылдай орман шаруашылығында қызмет еткен: Абай облысында қаза болған орманшы Саят Нұржігітов туралы дерек
Отқа оранған орманның ортасында ажал құшқандардың бірі - Саят Нұржігітов. 50 жастағы азаматтың артында әкесі мен әйелі, 3 баласы қалды. Саят Нұржігітов - «Семей орманы» резерваты Новошульба филиалында мемлекеттік инспектор болған. Әріптестерімен бірге орман өртін сөндіруге аттанып, қайта оралмады. Оның осы салада еңбек еткеніне 20 жылға жуықтаған. Жұбайы да орман шаруашылығында істейді. Әкесінің айтуынша, Саят жұмысына жан-тәнімен берілген. Резерваттың шаруасымен шапқылап жүріп, үйіне, айына бір рет уақыт тауып келіп кететін. «Марқұмның сүйегін сараптама жасау үшін Астанаға алып кетті», - дейді.
Нұржан Нұржігітов, марқұмның әкесі:
Менің балам өртеніп кеткен жоқ. Иіс тиіп қалған сияқты. Оның ішінен шыға алмай қалған сияқты. Ол қазір естіп отырғаным. Кешеден бері қарай естігенім де жоқ, не болғанын, не қойғанын. Өзі есім де шығып кетті. Естісемде ұмытып қалып отырмын.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде 46 экологиялық аумақ құрылады
26.04.2026, 23:32
Зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізіледі
26.04.2026, 23:30
Экологиялық саммитте 2 млрд долларға қандай келісімдер жасалды?
26.04.2026, 23:28
«Бизнес», «элит», «комфорт» класс атаулары заңда жоқ. Сонда қалай?
26.04.2026, 23:27
Арал теңізін толық қалпына келтіру мүмкін бе?
26.04.2026, 23:15
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05